Понедельник, 25.08.2025, 04:45 | RSS | Сәлеметсізбе! Гость
Басты бет | Тіркелу | Кіру

Менің елім - Қазақстан!
Басты бет
Меню
Кіру
Ауа-райы
Іздеу
САУАЛДАМА
Сайтқа баға қойындар
Всего ответов: 30
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты – мемлекеттік тілді барлығына бірдей батыл қолданысқа енгізу – М.Құл-Мұхаммед.

Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты мемлекеттік тілді барлығына бірдей батыл қолданысқа енгізу. Бұл туралы бүгін Үкіметте Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өтіп жатқан Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға арналған кеңейтілген мәжілістің отырысында ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.
Баяндама жасау кезінде министр алдағы 2011-2020 жылдардағы он жылдық кезеңге тіл саясатын жүргізудің логикасы еліміздің қоғамдық-саяси тұрақтылығына елеулі қауіп-қатер әкелуі мүмкіндігін, бірқатар проблемалық мәселелер әлі де болса сақталып отырғандығын көрсеткенін айтып өтті.
«Ең алдымен бұл қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің әркелкілігі, екіншіден, елде қоғамдық-саяси өмірге мемлекеттік тілдің әлі де болса баяулау енгізілуі. Үшіншіден, тіл мәдениетінің төмендеп бара жатқандығы, төртіншіден, шетел тілдерін меңгерудің баяулығы», – деді М.Құл-Мұхаммед.
«Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған бағдарлама жобасы осы проблемаларды жүйелі түрде шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді бала бақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне айналдыру», – деп атап өтті министр.
Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, стратегиялық мақсатты жүзеге асыру негізгі төрт міндеттен тұрады. Біріншісі – мемлекеттік тіл ұлт бірлігінің басты факторы екендігін нығайту, екіншісі – мемлекеттік тілді кеңінен қолдауды көпшілікке тарату, үшіншісі – дамыған тіл мәдениеті зиялы ұлттың басты күш-қуаты екенін көрсету, сондай-ақ соңғы мақсат – Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.
/ҚазАқпарат/

Copyright MyCorp © 2025
Бесплатный хостинг uCoz